Жиі қойылатын сұрақтар
Алғашқы қадамға дейін білу керек мәліметтер.
TalentTalent олимпиадасына кім қатыса алады?
Talent республикалық олимпиадасына 7, 8 және 9-сынып оқушылары қатыса алады.
TalentБірнеше турға қатысуға бола ма?
Иә. Оқушылар оқу жылы ішінде олимпиаданың бір турына да, барлық турына да қатыса алады.
Мың бала«Мың бала» олимпиадасы кімге арналған?
Олимпиада ауыл мектептерінде оқитын 6-сынып оқушыларына арналған.
Мың балаІріктеу қалай өтеді?
Бірінші, онлайн кезеңде логикалық және кеңістіктік ойлау тексеріледі. Екінші, офлайн кезеңде математикалық сауаттылық, ана тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану бойынша тестілеу өтеді.
Мың балаҚатысушылар қандай мүмкіндік алады?
Жеңімпаздар бөлінген квоталар аясында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігін алады. Финалистерге Birge Oqy онлайн мектебінде тегін оқу мүмкіндігі беріледі.