«El Umiti Talent» пәндік олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережесі
«El Umiti Talent» пәндік олимпиадасын
Ұйымдастыру және өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «El Umiti Talent» Пәндік олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсаттары
мен міндеттерін, олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, нәтижелерді анықтау және
жеңімпаздарды марапаттауды айқындайды.
1.2. Ұйымдастырушы: «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.3. Қатысушылар: меншік нысанына, ведомстволық және аумақтық тиесілігіне қарамастан
білім беру ұйымының 7,8,9 сынып оқушылары.
1.4. Олимпиада жылына екі рет өткізіледі: күзгі және көктемгі турлар.
1.5. Өткізілу форматы: https://ro.elumiti.kz/ платформасында онлайн тестілеу.
1.6. Олимпиада пәндерінің тізімі: математика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы,
ағылшын тілі.
Олимпиаданы даярлау, өткізу және қорытындысын шығару бойынша барлық
ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық шығындар Ұйымдастырушының қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Олимпиаданың мақсаты - 7,8,9 сынып оқушыларының арасында таланттарды қолдау және
академиялық қабілеті жоғары оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау.
2.2. Міндеттері:
1) 7,8,9 сынып оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға даярлау;
3) олимпиада қозғалысын насихаттау;
4) елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу.
3. Олимпиаданы ұйымдастыру
3.1. Ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде қатысушылар «Umitten» мобильді қосымшасы
(бұдан әрі – Қосымша) арқылы Олимпиадаға тіркеледі және өз қатысуын растайды. Қосымша
Олимпиадаға қатысушыларды ақпараттық сүйемелдеуге және олардың Олимпиадаға қатысуын
қамтамасыз етуге арналған.
3.2. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: (іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал).
1) Олимпиаданың іріктеу кезеңі 10 тест тапсырмасынан тұрады, 4 жауап нұсқасы ұсынылады,
оның ішінде 1 дұрыс жауап болады деп болжанады. Ең жоғары берілетін балл саны — 100.
Тест тапсырмаларын орындау үшін 10 минуттан 60 минутқа дейін уақыт беріледі.
Белгіленген уақыт тәртібі бұзылған жағдайда, нәтижелер есепке алынбайды, қатысушы
Олимпиададан шеттетіледі.
Іріктеу кезеңінің тестілеуінен қатысушылар тек «Umitten» мобильді қосымшасы арқылы
өте алады.
Іріктеу кезеңіне қатысу — тегін.
2) Олимпиаданың жартылай финалына іріктеу кезеңінің жалпы балл санының 20%-ынан
жоғары балл жинаған қатысушылар өтеді.
Жартылай финал 20 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы ұсынылады, оның ішінде 1
дұрыс жауап болады деп болжанады. Ең жоғары берілетін балл саны — 200.
Тест тапсырмаларын орындау үшін пәндер бойынша келесі уақыт белгіленеді:
биология, география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі — 10 минуттан 90 минутқа дейін;
химия, математика — 10 минуттан 120 минутқа дейін.
1Белгіленген уақыт тәртібі бұзылған жағдайда, нәтижелер есепке алынбайды, қатысушы
Олимпиададан шеттетіледі.
Олимпиаданың жартылай финалындағы тестілеу прокторинг сервисінің жұмыс істеу
қажеттілігіне байланысты Интернет желісіне қосылған, веб-камерасы міндетті түрде бар дербес
компьютерді (ДК) пайдалану арқылы ғана жүргізіледі. Тестілеуден өту үшін Windows
операциялық жүйесі бар құрылғылар пайдаланылады; macOS операциялық жүйесіне қолдау
көрсетілмейді.
Chrome, Opera, Mozilla Firefox, Yandex браузерлерін пайдалану қатаң ұсынылады.
Олимпиадаға қатысу құнын Ұйымдастырушы жыл сайын белгілейді. Жартылай финалға қатысу
ақылы болып табылады, ал финалға қатысу құны бөлек белгіленеді және жартылай финалға
қатысу құнынан біршама жоғары болады. Қатысу құны мен төлем жасау шарттары туралы
ақпарат Олимпиаданың ресми сайтында, «Umitten» мобильді қосымшасында, сондай-ақ
Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.
Жартылай финалдың барлық қатысушыларына олардың Олимпиаданың жартылай финалына
қатысқанын растайтын электрондық сертификаттар беріледі.
3) Олимпиаданың финалына жартылай финалдың жалпы балл санының 70%-ын жинаған
қатысушылар өтеді.
Финал 40 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 4 жауап нұсқасы ұсынылады, оның ішінде 1 дұрыс жауап
болады деп болжанады. Ең жоғары берілетін балл саны — 400.
Тест тапсырмаларын орындау үшін пәндер бойынша келесі уақыт белгіленеді:
биология, география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі — 20 минуттан 150 минутқа дейін;
химия, математика — 20 минуттан 180 минутқа дейін.
Тестілеу Интернет желісіне қосылған дербес компьютерде (ДК) ғана өткізіледі (камерасы бар
ноутбук немесе веб-камерасы қосылған компьютер). Прокторинг сервисінің жұмыс істеуіне
байланысты тестілеу кезінде екі камера пайдаланылады: ДК-нің фронтальды камерасы және
«Umitten» мобильді қосымшасы арқылы мобильді құрылғының камерасы.
Chrome, Opera, Mozilla Firefox, Yandex браузерлерін пайдалану қатаң ұсынылады.
Олимпиаданың финалдық кезеңінің барлық қатысушыларына олардың Олимпиаданың
финалына қатысқанын растайтын электрондық грамоталар беріледі.
4. Олимпиаданы өткізу тәртібі
4.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйымдастырушы Олимпиада кезеңдерін
өткізу және оқушыларды бағалау процедураларына қажетті ұйымдастырушылық және
ақпараттық-технологиялық қолдау көрсетеді.
4.2.Ұйымдастырушы Олимпиаданың ұйымдастыру комитетін (бұдан әрі - Ұйымдастыру
комитеті) құрады, оның құрамы Ұйымдастырушының бұйрығымен бекітіледі.
4.3. Олимпиаданы Ұйымдастыру комитетінің функциялары:
1) Олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылық жасау;
2) Олимпиаданың барлық кезеңдерінде академиялық адалдықтың сақталуын бақылауды жүзеге
асыру;
3) Олимпиаданы өткізу уақытын анықтау;
4) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына Олимпиада туралы ақпарат
беру.
24.4.Олимпиаданы өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат Сайтта https://ro.elumiti.kz/,
«Umitten» мобильді қосымшасында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі @el_umiti.kz және
@olimpiada_elumiti.kz ресми аккаунттарында жарияланады.
4.5. Олимпиада тапсырмалары әртүрлі деңгейдегі күрделіліктегі сұрақтардан тұрады және
жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы шеңберінен тыс тақырыптарды қамтуы
мүмкін. Бұл ретте тапсырмалардың мазмұны мен күрделілік деңгейі білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне, даму деңгейі мен дайындық деңгейіне, сондай-ақ тиісті жас санатына арналған
олимпиадалық бағдарламаға сәйкес келеді.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Олимпиадаға қатысушылар өздері таңдаған бірнеше пән бойынша қатысуға құқылы.
5.2. Олимпиадаға қатысушылар өз сыныбына сәйкес келетін тест тапсырмаларын немесе бір
сынып жоғары деңгейдегі тест тапсырмаларын таңдауға құқылы. Қатысушының оқу
сыныбынан төмен деңгейдегі тест тапсырмаларын орындауға жол берілмейді. Тест
тапсырмаларының таңдалған деңгейіне қарамастан, балл есептеу тәртібі мен ең жоғары балл
саны бірдей болып қалады және таңдалған сыныпқа байланысты өзгермейді.
5.3. Тест тапсырмаларын орындау кезінде қатысушылар кеңсе керек-жарақтарын,
калькуляторларды пайдалануға құқылы.
5.4. Тест тапсырмаларын орындау кезінде қатысушыларға мыналарды жасауға тыйым
салынады: оқулық және өзге де әдебиеттерді, мессенджерлерді, жазбаларды және өзге де
электрондық ақпарат тасығыштарды пайдалануға: сөйлесуге, отырған жерін ауыстыруға,
браузерді ашуға немесе басқа қойындыларға көшуге тыйым салынады. Барлық аталған
бұзушылықтар прокторинг жүйесімен тіркеледі.
5.5. Прокторинг жүйесі тіркеген академиялық адалдықты бұзған олимпиада қатысушылары
олимпиададан автоматты түрде шеттетіледі.
6. Академиялық адалдық ережелерінің сақталуын бақылау тәртібі.
6.1. Академиялық адалдықты бұзу фактілерін анықтау үшін платформада бейнежазбаны және
дыбыс жазуды қамтамасыз ететін прокторинг қызметі жұмыс істейді. Прокторинг қызметінің
жұмыс процесі мынадай:
6.1.1. Тест тапсырмасын іске қосар алдында қатысушы web-камераға, микрофонға және жұмыс
үстелін көрсетуге рұқсат береді.
6.1.2. Егер қатысушы веб-камераға, микрофонға рұқсат бермесе, тестілеу нәтижелері
қаралмайды.
6.1.3. Тапсырмалар орындалған сайын жүйе әр 2 минут сайын қатысушының веб-камерасынан
алынған жұмыс үстелінің скриншоттары мен кескіндерді, дыбысты автоматты түрде жазып
алып, дерекқорға жібереді.
6.2. Прокторинг жүйесі Осы Ережелердің 5.4-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды
анықтай отырып, оларды бір есепке жинайды.
7. Нәтижелерді анықтау және жеңімпаздарды марапаттау
7.1. Олимпиада жеңімпаздары үш кезеңнің (іріктеу, жартылай финал және финал) нәтижелері
бойынша жиналған балдардың қосындысы негізінде автоматтандырылған есептеу арқылы
анықталады.
7.2. Әрбір пән және оқу сыныбы бойынша Гран-при, I, II және III орындарды қоса алғанда,
төрт жүлделі орын белгіленеді.
Егер екі немесе одан да көп қатысушы бірдей балл жинаса, оларға бірдей жүлделі орын
беріледі. Тиісті жүлделі орынға ие болған әрбір қатысушы осы орынға белгіленген дипломмен
және жүлдемен марапатталады. Осыған байланысты Олимпиада жүлдегерлерінің саны
3белгіленген жүлделі орындар санынан көп болуы мүмкін.
7.3. Олимпиада нәтижелері Финал аяқталғаннан кейін 5 күннен кешіктірілмей
https://ro.elumiti.kz сайтында жарияланады.
7.4. Олимпиада жеңімпаздары Гран-при, I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ
төмендегі тәртіппен жүлделермен марапатталады:
Гран-при – «El Umiti Camp» жазғы білім беру лагеріне жолдама. Жолдамаға қатысушының
лагерьде болған кезеңіндегі тұруы мен тамақтануы кіреді. Қатысушының тұрғылықты
жерінен лагерь өтетін орынға дейін және кері бағыттағы жол жүру (трансфер) шығындарын,
Қазақстан Республикасының кез келген елді мекенінен келгеніне қарамастан, қатысушы өз
бетінше төлейді және аталған шығындар жолдама құнына кірмейді;
I орын – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде ақшалай жүлде;
II орын – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде ақшалай жүлде;
III орын – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде ақшалай жүлде.
«El Umiti Camp» жазғы білім беру лагеріне жолдама ақшалай баламаға айырбастауға, басқа
қатысушыларға немесе үшінші тұлғаларға беруге не қайта сатуға жатпайды.
Қатысушының жеке жағдайларына байланысты жолдамадан бас тартқан жағдайда,
Ұйымдастырушы жолдаманы конкурс негізінде басқа қатысушыға беруге құқылы.
8. Қатысушыларды дайындау
8.1. Олимпиадаға қатысу Қатысушының осы Ережемен толық келісетінін, сондай-ақ оның
дербес деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге келісімін беретінін білдіреді, сонымен қатар,
Ұйымдастырушы әрбір қатысушыны жазбаша хабардар етпей, кез келген уақытта осы Ережеге
біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы екендігімен келісімін
растайды.
8.2. Қатысушылардың дербес деректерін өңдеу Сайт пайдаланушысының дербес деректерінің
құпиялық саясаты және Сайт пайдаланушысының дербес деректерін пайдаланудың құпиялығы
туралы келісім https://ro.elumiti.kz/page/confidential-politics, https://ro.elumiti.kz/page/confidential-
offer негізінде жүргізіледі.
8.3. Ұйымдастырушы осы Ережеге кез келген уақытта әр Қатысушыны алдын ала жазбаша
ескертусіз өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.